Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Бас имамды батамен шығарып салды!

22.03.2014 4408 0 пікір

Наурыз айының 21-жұлдызында жұма күні «Таугүл-3» мешітінің Бас имамы Дәуренбеков Орынбасар Орынбайұлын аталмыш мешітке жақында тағайындалған Нұржан Таласұлының және көмекшілерінің, сонымен қатар мешіт жамағатының ұйымдастыруымен шығарып салу рәсімі өтті.

Игі шараға Алматы қаласының бас имамы Нұрбек қажы Есмағанбет арнайы келіп Бас муфти Ержан қажы Малғажыұлының сәлемін айта келе, жуырда қала имамдарының тапсырған аттестациясында жоғарғы  білім деңгейін көрсеткен Орынбасар қажыны қаламыздағы ең үлкен Алатау ауданына қызметін көтеру мақсатында бас имам етіп тағайындалғанын хабарлады.  

Сөз соңында Бас мүфтидің арнайы алғыс хатын беріп иығына шапан жауып, мешіт жамағаты сыйға берген темір тұлпардың кілтін табыстады. Жаңа тағайындалған Нұржан Таласұлы имамның 16-жыл бойы дінге қызмет еткен тәжірибесін айта келе, осы мешітте де табысты еңбек етуіне тілегін білдірді. Соңында  мешіт ақсақалы Сманов Ерген атамыз батасын берді.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру