Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Атыраулықтар наурызға қарсы қайырымдылық акциясын өткізді

22.03.2014 3865 0 пікір

«Иманғали» орталық мешітінде жуырда ғана қайырымдылық акциясы қолға алынып, көмекке зәру жандарға қол ұшын беру нақты жоспарланған болатын. Қаламыздың тұрғындары, мешіт жамағаттары т.б. демеушілеріміздің жәрдемдесуімен қайырымдылық акциясы 20 наурыз күні жүзеге асырылып,  көпбалалы отбасыларға, жоқ-жітікке көмек берілді. Естеріңізге сала кетейік, осы күні аталмыш шараға дейін орталық мешітте наурыз мерекесі аталып өткен болатын. Дәстүрлі мейрамымызға арнайы ат терлетіп келген ҚМДБ-ның шариғат және пәтуа бөлімі меңгерушісінің орынбасары Сансызбай қажы Құрбанұлы осы қайырымдылыққа да атсалысып өтті. Жыл басынан бері қайырымдылық шаралары басшылыққа алынып, қазір де мешіт тарапынан осындай акция ұйымдастырылып, көлемді түрде өткізілуде. ҚМДБ-ның Атырау облысы бойынша өкіл имамы Батыржан Берденұлы осындай игі-істерімізге Алла разы болсын деп, акцияға атсалысқан ағайынға шексіз алғысын білдірді!

 

«Иманғали» орталық мешітінің

баспасөз қызметі 

 

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру