Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Дәстүрлі мерекеміз – наурыз тойланды!

22.03.2014 4158 0 пікір

ҚМДБ-ның төрағасы, Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлы биылғы жылды «Дін мен Дәстүр жылы» деп жариялағаны баршамызға мәлім. Осыған орай ҚМДБ-ның Атырау облысы бойынша өкіл имамы Батыржан Берденұлы дәстүрлі мерекелерімізді жаңғыртуды басшылыққа алған болатын. 20 наурыз күні «Иманғали» орталық мешітінде «Наурыз» мерекесі аталып өтті. Аталмыш мерекеге ҚМДБ-ның шариғат және пәтуа бөлімі меңгерушісінің орынбасары Сансызбай қажы Құрбанұлы арнайы  келіп  ат басын тіреді. Аталмыш мерекеге жастар ресурстық орталығы мен мешіт жанындағы жастар бөлімі ерекше белсенділікпен атсалысып, аянбай еңбектерін ортаға салды. Жастар тарапынан мешіт жанында терек егіліп, киіз үй ішінде дәстүрлі беташар, айтыс, ұлттық тағамдар дайындау, көріністер қою сияқты т.б. түрлі өнерлер көрсетіліп, қазылар алқасының жоғары бағасын алды. Ал балалар үшін батут үріліп, ойын-сауық ұйымдастырылып қуаныш, шаттық сыйланды. Дәстүрлі мерекемізді атап өтуде мешіт ішінде дастархан жайылса, мешіт сыртында бір уақытта түрлі шаралар қамтылып жатты. Солардың бірінде азан шақырылып балаға ат қою рәсімі, тұсау кесер және т.б. шашу шашылып, наурыз көжесі ұсынылды. Осы бөбектерге өкіл имам батасын беріп дәстүріміз бойынша көрімдігі де берілді.

Ал мешіт іші үлкен дастархан жайылумен жамағатқа лық толды. Қонақтар алдында әжелеріміз баланы бесікке бөлеу дәстүрін де қалыс қалдырмады. Мерекелік дастархан басында келген қадірлі қонақтарымыз сөз сөйлеп, осынау ерекше аталып өтіп жатқан ұлыстың ұлы күні «Наурыз» мерекесімен құттықтап, жаратушы Алла тағаладан дұға тіледі. Осы жиында басымыз бірігіп, берекелі болуынан қорытындылағанымыз, құлшылық орнына деген халықтың көзқарасы, бұрынғыға қарағанда әлдеқайда жақсы екендігін түсіндік.

 

«Иманғали» орталық мешітінің

баспасөз қызметі

 

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру