Алматы облысының орталығы Талдықорған қаласындағы «Тіл сарайында» «Дін саласындағы мемлекеттік саясат» атты дөңгелек үстел өтті. Шараға ҚР Дін істері агенттігінің жауапты қызметкері Иманбаев Мейрам Өткелбайұлы, ҚМДБ-ның пәтуа бөлімі меңгерушісінің орынбасары Шоқанов Сансызбай Құрбанұлы, Талдықорған өңірінің өкіл имамы Ахмадиев Серікхан Рымханұлы, Алматы өңірі бойынша өкілі Аташев Әсет Қадырханұлы, І.Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университетінің ұйымдастыру жұмысы, әлеуметтік сұрақтар бойынша проректоры Мәлтекбасов Марат Жабықбайұлы, Алматы облысының ақпараттық – насихаттау тобы, облыстық басқарма, департамент басшылары, мектеп директорлары мен тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары, дінтану пәнінің мұғалімдері және дін өкілдері, сонымен қатар аудандық (қала) ішкі саясат бөлімінің басшылары, мамандары т.б. қатысты.
Шараны Алматы облысының дін істер басқармасының басшысы Қасымберкебаев Тәңірберген жүргізді.
Сөз кезегінде ҚМДБ-ның пәтуа бөлімі меңгерушісінің орынбасары Шоқанов Сансызбай Құрбанұлы Ислам дінін Қазақстанға сырттан келіп экстремисттік бағытта үгіттеп, адамдарды улап жатқан топтар жайында сөз қозғап, оларды жамағаттардан ажырата білу және одан сақтанудың жолдарын жан-жақты баян етті.
Содан кейін Талдықорған өңірінің өкіл имамы Ахмадиев Серікхан Рымханұлы ата-бабамыз дәстүрлі Ислам дінінің адамгершілік нәзік тұстарына көңіл бөле отырып берік ұстанғанын айта келе үлкен парасатқа қол жеткізгенін тілге тиек етті. ҚМДБ-ның төрағасы, Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлының бастамасымен биылғы жыл «Дін мен дәстүр» және қайрымдылық жылы деп жаряланғанын айтып, осы тұрғыда шығарылған «Дін мен дәстүр» кітабы жайында зиялы қауымға таныстырып, келер уақытта жастардың санасын тәрбиелеуде осы кітапты басшылыққа алуымыз керек екені айтылды. Сондай-ақ, атқарылып жатқан келелі істер жайында баяндап, үш бағытта жасалған жұмыстың есебін қысқаша зиялы қауымға таныстырып өтті.
Келелі конференцияның соңы университеттегі жастармен өткен үлкен кездесумен жалғасын тапты.
Сансызбай Құрбанұлы сол күні ақшаммен құптан намазы арасында орталық «Нұр» мешітінің жамағатымен кездесіп, уағыз-насихат айтып көкейдегі сұрақтарына жауап берді.
ҚМДБ Талдықорған өңірі
бойынша баспасөз хатшысы
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
20.03.2014
3751
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру