Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Жаңақаладағы жаңа бастама

20.03.2014 3481 0 пікір

Жаңақала аудандық мәдениет үйінде БҚО бойынша өкіл имамы Руслан Сұлтановтың қатысумен «Дін мен дәстүр» тақырыбында жиын болып өтті.

Бұл жиынға аудан әкімі, мекеме басшылары, «Орал» медресесінің ұстаздары, БҚО-ның аудан имамдары мен молдалары, аудан жұртшылығы қатысты.

Жиынды аудан әкімі Лавр Рашидұлы өзі жүргізіп отырды. Алғаш сөз алған «Орал» медресесінің ұстазы Мухаммед Наги Шушан Кассем жұртшылыққа біздің ұстанатын дініміз Әбу Ханифа мәзһабы туралы айтса, келесі сөз кезегін «Жайық» диструктивтік жат ағымнан жапа шеккендерге көмек көрсету орталығының бас маманы Арман Нұрахметұлы асыл дініміздің тарихы жайында кеңінен тоқталды. Жиын ортасынан сұрақ-жауап кезеңіне ауысып бірнеше сауалдар қойылды. Қатысушылар тарапынан жолданған сауалдардың біреуі де тыс қалмай, барлық сұрақтарға облысымыздың бас имамы Руслан Тыныштықұлы өзі жауап беріп, аудандық кітапханаға ҚМДБ-ның төрағасы, бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлының «Дін мен дәстүр» және «Ғибратнама» кітаптарын табыс етті.

Жиын соңында сөз алған Руслан Сұлтанов: ҚМДБ-ның төрағасы, бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлы «2014 жыл – дін мен дәстүр» жылы деп жариялауына байланысты бүгінгі шара осылай аталды. Асыл дінімізді ардақтап, атам қазақ айтқандай: «Алтау ала болса ауыздағы кетеді, төртеу түгел болса төбедегі келеді», – демекші, бір жеңнен қол, бір жағадан бас шығарып, тығыз қарым-қатынаста, ымырасы жарасқан қалыпта жұмыс жасауға шақырды.

Ержан Жұмағожиев,
«Орал» медресесінің
оқу ісінің меңгерушісі

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру