Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

РАНТ-ның Маңғыстаудағы жұмысы

19.03.2014 3062 0 пікір

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы жанынан құрылған Республикалық ақпараттық насихат тобының мүшелері Сансызбай Шоқанов, (ҚМДБ Шариғат және пәтуа бөлім меңгерушісінің орынбасары) және Серікхан Ахмадиев (Талдықорған аймағының өкіл имамы) үстіміздегі жылдың 11-15 наурыз күндері  Маңғыстау облысына іс-сапармен болды.

РАНТ мүшелері Маңғыстау облысындағы жұмысы барысында жоспарға сәйкес кездесулер өткізіп, асыл дініміздің құндылықтарын насихаттай келе, қоғамда белең алған жат ағымдардың зияндылығы түсіндірді. Теріс ағымдардың ханафи мәзһабынан айырмашылығын және ұстанымдарының қателіктерін де айтып өтті. Жоспарланған кездесулерді тарқатып айтар болсақ,19 жерде кездесу өткізді. РАНТ мүшелері 5508 адамды ақпаратпен қамтыған. Қазақстан-Ақтау телеарнасында 1 сағаттық «Ислам бейбітшілік діні» атты тақырыпта тікелей эфирге шықты. Сандарды сөйлетер болсақ: 355 түзеу мекемелеріндегі жазасын өтеушілермен; 100 жоғарғы және колледж студенттерімен; 83 мұнай кен орын қызметкерлерімен; 1670 қаладағы екі мешіт және аудандық 5 мешіттің жамағатымен кездесіп уағыз айтса, «Маңғыстау облыстық орталық мешіт» пен «Жаңаөзен қалалық мешітіндегі» жұма намазына жиналған 3300 жамағатқа жұма уағызын айтып, ақпараттандыру жұмыстарын жүргізді.

Маңғыстау облысындағы ақпараттық насихат тобының жұмысы нәтижелі болды. Әрбір кездесуде Исламның құндылығы мен ханафи мәзһабының ұстанымдары және жат ағымның зияндылығы жайында ақпарат берілді. Жалпы алғанда РАНТ-ның жұмысы нәтижелі болды.

 

 

 

Маңғыстау облыстық орталық

мешіттің баспасөз хатшысы


Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру