ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігі орталық «Ақмешіт-Сырдария» мешітінде қала және аудан имамдарына жиналыс өткізілді. Өкіл имам Талғат Омаров күн тәртібінде қаралатын мәселелерге жеке-жеке тоқталып өтті.
- Апталық есепті уақытылы жіберу
- Имамдардың білімін жетілдіру семинары жайында.
- Қайырымдылық бағыты бойынша
- Мектеп оқушыларының 3-айлық демалысын тиімді пайдалану мақсатында жазғы діни сауат ашу курстарын ұйымдастыру.
- «Нұр Мүбәрак» университетіне, медреселерге шәкірттер дайындау.
Сонымен қатар, ҚМДБ-ның төрағасы Бас мүфти Ержан Қажы Малғажыұлының тапсырмасымен келген хаттар талқыланып, әр имамға жеке-жеке тапсырмалар мен міндеттер жүктеді.
Бұл жиынның басым бөлігі мешіттердің жұмысын жақсарту мен имамдардың қызметіне бағытталды. Жиналыс барысында өзекті мәселелердің барлығына жеке-жеке тоқталып өтілді. Аудан және қала имамдарының ұсыныстары тыңдалып, Өкіл имам барлық имамдарға тапсырмалар берді.
Алла дін жолындағы қызметімізді жақсартып, сауапты істерімізді арттырсын!
Қызылорда облыстық
«Ақмешіт-Сырдария»
мешітінің баспасөз қызметі
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
19.03.2014
3466
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру