Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Шынықсаң шымыр боласың

19.03.2014 5227 0 пікір

2014 жылдың наурыз айында Қызылорда қаласының Евразия спорттық кешенінде «Сырдария - Руханият» қоғамдық қорының ұйымдастыруымен қала және аудан мешіттерінің жамағаты арасында футбол жарысы өткізілді. «Сырдария - Руханият» қоғамдық қорының кубогі сарапқа салынды.

Денсаулық  - Алла Тағаланың адам баласына  берген аманаты. Денсаулыққа қамқорлық болашаққа қамқорлық  болғандықтан денсаулығымыз мықты болу үшін денемізді шынықтыра білуіміз қажет.

Алла Тағала әлсіздерге қарағанда күштілерді ұнатады. Яғни, тек амалымен ғана озық жүру емес, күнделікті сүннетте келген спорт түрлерімен де шұғылдану мұсылмандар үшін қажетті. Пайғамбарымыз  (с.ғ.с) бір хадисінде: «Адамдардың көбі бағаламайтын екі нығмет бар, денсаулық және бос уақыт», - деп ескертеді. 

Демек, біз аталмыш хадистен түсінетініміз денсаулығымыз бен бос уақытымыздың қадірін білудің маңыздылығы. Осы орайда, «Сырдария - Руханият» қоғамдық қоры мешіт жамағатын салауатты өмір салтын насихаттауға шақырып, спортпен шұғылдану, әрі мешіт жамағаты арасындағы ынтымақтастықты нығайту мақсатында аталған футбол жарысын ұйымдастырып отыр. Әсіресе, қазіргі таңда мешіт жамағаттары арасындағы ынтымақтастық пен бауырластықтың нығаюы қажеттілік туындатып отырғаны белгілі. Бүгін «Сырдария - Руханият» қоғамдық қорының кубогі сарапқа салынды. Аудан және қала мешіттерінен жалпы саны 11 команда қатынасты. Нәтижесінде бағалы сыйлықтар мен Кубог жеңімпазы анықталды. 1 және 2 дәрежелі дипломдар мен алғыс хаттар берілді.

  Марпаттар кезегі мынадай болды.

1-орын: Орталық «Ақмешіт-Сырдария» мешіті;

2-орын: Қожакент ауылы мешіті;

3-орын: «Айтбай» мешіті;

4-орын: Жаңақорған мешіті.

Жүлделі орын алған мешіттерге алғыс хат және қымбат қабырға сағаттары тарту етілді.

Бұқаралық спортты дамыту, салауатты өмір салтын насихаттау, Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевты Қазақстан халқына жолдаған дәстүрлі Жолдауында да баса айтылған.

Айтулы шараның басты мақсаты - бұқаралық спортты дамыту, салауатты өмір салтын қалыптастыру және Елбасы жолдауын қолдау, қуаттау арқылы өскелең жас ұрпаққа үлгі-өнеге көрсету, мешіт жамағаттарын ынтымақтастыққа, бірлікке шақыру. Сондай-ақ, дені саудың – жаны сау қағидасымен өмір сүруге дағдыландыру.

Қызылорда облыстық «Ақмешіт-Сырдария»
мешітінің баспасөз қызметі

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру