Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Мешітте жүзден астам кісіге дастархан жайылды

14.03.2014 4198 0 пікір

ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігі, орталық «Ақмешіт-Сырдария» мешітінің ұйымдастыруымен аталмыш мешітте қонақ жайлы қазақи дәстүрімізге сай дүйім жұртқа дастархан жайылды.

Сыр еліне ат терлетіп келген ҚМДБ тарапынан құрылған РАНТ-ның мүшесі, білікті дінтанушы, ғалым, теолог Арман Қуанышбаевпен дастархан басында мешіт жамағаттары, уағыз-насихат тыңдап қайтсақ деген қала тұрғындары бір сөзбен айтқанда бірнеше мұсылман бауырлар қатысып, «Тәубе ету» тақырыбында жүзден астам кісі насихат тыңдады.    

Сөз басын ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілі, орталық «Ақмешіт-Сырдария» мешітінің Бас имамы Талғат Сейіткәрімұлы бастап, келген қонақтарға ҚМДБ-ның РАНТ-ның мүшесі Арман Қуанышбаевты таныстырып, осындай игі отырыстардың қаншалықты маңыздылығына тоқталып өтті.

Ақшам намазынан кейін Мешіттің үлкен асханасында жайылған дастархан басында білікті дінтанушының уағыз-насихатынан кейін жамағат тарапынан түрлі сауалдар қойылды.

 

 

 Нұрсәуле Дәулетбаева
Қызылорда облысы орталық
«Ақмешіт-Сырдария»мешітінің

баспасөз хатшысы

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру