Наурыздың 13 жұлдызы күні Семей Қос мұнаралы орталық мешітінің ұйымдастыруымен ҚМДБ-ның төрағасы, Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлының бастамасымен жарыққа шыққан «Дін мен дәстүр» кітабының тұсаукесер рәсімі өтті. Дөңгелек үстел Достық үйінде болды. Семей аймағының өкіл имамы Алтыбай Мақсат, Семей қалалық ішкі саясат бөлімінің бастығы Ғалия Жақыпқызы және зиялы қауым, ақсақалдар алқасы, өңірлік бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.
Жиында ішкі саясат бөлімінің орынбасары Садырбаев Айдардың кіріспе сөзінен кейін сөз тізгінін өкіл имам Алтыбай Мақсат алып: «Ата-бабаларымыз Ислам дінін, оның ішінде сүнниттік бағыттағы Әбу Ханифа мәзһабын ұстанған. Бұл мәзһаб халқымыздың салт-дәстүр, әдет-ғұрпына тән қасиеттерімен ерекшеленеді. Сондықтан атаның батасымен, ананың ақ сүтімен бойымызға дарытып кеткен ділімізге, ұлттық болмысымызға, әдет-ғұрпымызға тіл тигізіп жүрген кейбір азаматтардың пікіріне қарсы дәлел бола алатын «Дін мен дәстүр» кітабының уақытылы шыққанын атап өту керек», - деп айтты. Дөңгелек үстел барысында қонақтар дін мен дәстүрдің сабақтастығы жайлы пікірлерін білдіріп, ойларымен бөлісті. Мұсылман үмбетінің бір мүшесі болып табылатын халқымыздың әдет-ғұрыптарының басым дені имани ұстанымға негізделген, өйткені дініміз бен дәстүрлеріміз бір-бірінен ажырағысыз. Өткеннен бүгінге жеткен әдет-ғұрып, салт-сананың негізі мұсылманшылықта жатқанын дәлелдеуді, сан ғасырлық тарихы бар діни дәстүрлерімізді қалпына келтіруді көздеген Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы шығарған “Дін мен дәстүр” деп аталатын егжей-тегжейлі еңбек, міне, осы жайында.
Салт-дәстүрлеріміздің түрлері толып жатыр: әдет, ғұрып, ишара, ырым, тыйым, тағысын тағылар. Кітапта осының бәріне талдау жасалған. Және де ештеңе де ескерусіз қалмаған: теріс әдеттер ме, дастарқан әдебі ме, туыстыққа қатыстысы ма, қысқасы, бәрі де бар. Кітап этикалық басылымға тіпті де ұқсамайды: кез келген мәселеге Құран аяттары мен хадистер арқылы діни көзқарас білдірілген
Семей орталық мешітінің
баспасөз қызметі
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
14.03.2014
3682
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру