Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Әр жұма күні «Руханиятты» тамашалаңыз

14.03.2014 3551 0 пікір

13 наурыз күні ҚМДБ-ның БҚО бойынша өкіл имамы Руслан Султановтың бастамасымен Батыс Қазақстан облыстық телерадиосында болып, әр жұма сайын өткізілетін «Руханият» бағдарламасының алғашқы тұсауын кесті.

Батыс Қазақстан облыстық телерадиосына ақпараттық үгіт-насихат жұмысының жоспарына сәйкес, облыс жұртшылығына дәстүрлі Ханафи мазхабының құндылықтарын ашып, дін мен дәстүрлеріміздің байланысын түсіндіру мақсатында ашылып отыр. Бас мүфтиіміз Ержан қажы Малғажыұлының биылғы жылды «Дін мен дәстүр» жылы деп жариялауына байланысты облыс имамы Руслан Тыныштықұлы: «Біздің міндетіміз – халық арасындағы діни сауаттылықты арттыру. Әр жұма сайын жоспарымызға сай Отан жайында, отбасы хақында, ата-ананы құрметтеу турасында  уағыз насихаттар айтылады.» - деп сүйінші хабарын жеткізді. Алғашқы  қонағы болып  ҚМДБ БҚО бойынша өкіл имам Руслан Тыныштықұлы «Дін мен дәстүр» тақырыбында уағыз айтты.

Нұрлан Қабыкеш
ҚМДБ-ның БҚО бойынша
баспасөз хатшысы

 

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру