ҚМДБ жанынан құрылған РАНТ-ның 2014 жылға арналған жарты жылдық жоспарына сәйкес ү.ж. 11 наурыз күні Ақтөбе облысына РАНТ мүшесі, ҚМДБ-ға қарасты «Сарыағаш» медресінің ұстазы Әбсаттар Сманов ұстаз келіп жұмысын бастады. Ә. Сманов ұстазды бұған дейін де өткен жылдары арнайы шақыртып, 6 ай бойы тұрақты түрде жат ағым өкілдерін дәстүрлі Ханафи мазһабына қайтару мақсатында уағыз-насихат жұмыстарын жүргізіп, оң нәтижелерге қол жеткізген болатынбыз. Яғни Әбсаттар ұстаз Ақтөбе өңірінің діни ахуалынан жетік хабардар.
Алғашқы күні уағыз-насихат жұмысы – Ақтөбе қаласы «Нұрдәулет» мешітінен басталды. Ә. Сманов ұстаз мешіт жамағатына «Нығметтің қадірін түсіну» жайлы уағыз айтып, жамағат арасында іріткі салып жүрген жастарды жамағат болып тәрбеилеуіміз керек деген насихатын айтты.
Наурыз айының 12-жұлдызында Хромтау аудандық орталық «Нұр» мешітінде РАНТ мүшесі Әбсаттар қажы Смановпен және ҚМДБ Ақтөбе облысындағы өкіл имамы Әбдімүтәлі Дәуренбековпен кездесу өткізілді.
Алдымен жамағатпен тізе қосып бесін намазын оқыған имамдар кейін дін тұрғысындағы уағыз-насихаттарын айтты. Әңгіме барысында Ә.Сманов қазіргі күні жамағат арасында туындап жүрген мәселелердің ақ-қарасын ажыратып, адасушыларды райларынан қайтаруға тырысты. Дәстүрлі дініміздің ұстанған талаптарының дәлелді екендігін, Әбу Ханифа мәзһабының сүннеттің ажырамас бір бөлігі екендігін, ата-бабаларымыздың ұстанған жолында дәстүр мен діннің біте қайнасқандығын тілге тиек етті. Одан соң Ә.Дәуренбеков мешітке жиналған жамағаттың сұрақтарына жауап берді. Жамағат қойған сұрақтардың негізгілері жаназа мәселелеріне, сондай-ақ, қайтқан адамның жетісі, қырқы немесе жылдық садақасын беру секілді мәселелерге қатысты болды. Және де теріс ағымда жүрген жастарға мешіттерде өз алдарына топтасып дәріс алуларына рұқсат жоқтығын ескертіп, білімді тек мешіт имамдарынан, ұстаздардан алу керектігін айтты. Осыған байланысты жамағат арасында іріткі тудырмауын да атап өтті.
Хромтау өңіріндегі келесі кездесу №6 гимназияда жалғасын тапты. Сарығыш медресесінің директоры Әбсаттар қажы Сымановпен өткен мұндағы кездесуге аудандық ішкі саясат бөлімінің бас маманы Айбек Шүйдебаев төрағалық етті. Аудандық білім бөлімі ұйымдастырған кездесуге дінтану пәнінің мұғалімдері, сонымен қатар, 3 мектептің 8-10 сынып оқушылары қатысты. Әңгіме барысында Ә.Сманов оқушыларға дүниенің пайда болуы, қияметтің анық екендігі және ислам діні тұрғысында ақпарат берді. Сондай-ақ, Елбасының биылғы Жолдауында ислам дініне ерекше көңіл бөлінгендігін атап өтті. Кездесу соңында Әбсаттар қажы шәкірттерге ата-ананы, ұстаздарды құрметтеп, қарияларды сыйлау керек екендігі жөнінде ағалық ақылын айтса, бұл орайда ұстаз дар мен оқушылардың атынан аудандық білім бөлімінің тәрбие жөніндегі әдіскері Айнаш Сүлейменова өз алғысын білдірді.
Бекітілген жоспар бойынша РАНТ-ның жұмысы жалғасын табуда.
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
14.03.2014
4063
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру