Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Жауапкершілік жүгі салмақты

13.03.2014 3886 0 пікір

Атырау облысына арнайы іссапармен келген ҚР Дін істері агенттігі Төрағасының орынбасары Ерлан Абдақасов кеше облыстық «Иманғали» орталық мешітінде облыс, қала және аудан имамдарымен кездесті. Бұл басқосуға, сондай-ақ, Мысыр елінен қызмет ету үшін Атырауға арнайы келген шейх Мұхаммед Жамалуддин Хашим де қатысты. Жиынды Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Атырау облысы бойынша өкіл имамы Батыржан Мансұров ашып, жүргізіп отырды.

Алғашқы болып сөз алған ҚР Дін істері агенттігі Төрағасының орынбасары Ерлан Сатыбайұлы «Қазақстан-2050» Стратегиясының басым бағыттарына және онда көрсетілген мақсаттар мен міндеттерді жүзеге асырудың бірден-бір жолы – Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың «Қазақстан жолы-2050»: бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты Жолдауына тоқталып өтті.

Қонақтың сөзінен кейін облыстың Бас имамы Батыржан Берденұлы облыстағы діни ахуалға және жыл басынан бері атқарылған қыруар жұмыстарға қысқаша шолу жасады.  Аймақтағы діни ахуалдың оң бағытқа ойысуында облыстағы имамдардың ерен еңбектерін  атап өтті. Бұған қоса, жуырда ғана тұсауы кесілген «islam-atyrau.kz» діни сайты да халықты имандылыққа шақыруда елеулі үлес қосуда. Әсіресе, сайтта ашылған тың бөлімдер, көптің көңілінен шығып отыр.      

Сонымен қатар кездесу соңында Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлы биылғы жылды «Дін мен Дәстүр жылы» деп жариялауына орай, өкіл имам Б.Берденұлы ҚР Дін істері агенттігі Төрағасының орынбасары Ерлан Абдақасовқа Бас мүфтидің бастамасымен жарық көрген «Дін мен Дәстүр» атты кітапты сыйға тарту етті. Бұл бас қосудан кейін өкіл имам қала, аудан имамдарына наиб имам, теолог мамандардың ұстаздық етуімен семинар өткізіп, кейін Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлының тапсырған негізгі үш мәселені пысықтау мақсатында жиналыс өткізді.

 

Облыстық «Иманғали»
мешітінің баспасөз қызметі

 

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру