Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

«2014-Дін мен дәстүр жылы» тікелей эфирде

13.03.2014 3501 0 пікір

-Дін мен дәстүр ажырамас, бірі мен бірі біте қайнасқан ұлағатты ұғым. Оның аражігін ажырату үшін үлкен діни білім, ұлттық дәстүрді жете меңгерген қабілет керек. Ең бастысы, дініміз бен дәстүрімізді ұғындыратын, соған жетелейтін насихат құралы қажет. Міне, осы тұста Қазақстан Мұсылмандары Діни Басқармасының төрағасы, Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлының бастамасымен жарық көрген «Дін мен дәстүр» атты кітап қазіргі қазақ қауымы алдындағы өткір де өзекті мәселе болып отырған дін мен дәстүр туралы жан-жақты сөз етеді. Сөз етіп қана қоймайды, осы егіз ұғымның  қалыптасуы, тарихы, мән-мазмұны және мақсаты төңірегінде егжей-тегжейлі әңгімелейді.Бұл кітапқа арналған арнайы тұсаукесер іс-шара алдағы жұма күні С.Торайғыров атындағы облыстық орталық әмбебап кітапханасында өтеді. Оған оқымысты, ғалым, жазушы, журналист ағаларымыз, аталар мен апаларымыз көптеп қатысады деп күтудеміз. Көрермен қауым сіздерді де осы іс-шараға шақырамыз.  ҚМДБ-ның Павлодар облысы бойынша өкіл имам Нариман Ермекұлының «Ирбис» телеарнасының тікелей эфирде өз сөзін осылай қорытындылады.

ҚМДБ-ның Павлодар облысы бойынша өкіл имамы Н.Исенов және облыстық Дін Істері Басқармасының басшысы Е.Рақымжанов қалалық «Ирбис» телеарнасының «Айтарым бар...» бағдарламасы арқылы «2014-Дін мен дәстүр жылы» тақырыбы бойынша тікелей эфирге шықты. Жарты сағатқа жалғасқан бұл бағдарламада Бас имам Нариман Ермекұлы «Дін мен дәстүр» жылына орай облысымызда атқарылатын іс-шаралар,  діни білімге бұқаралық сипат беріп халықтың діни сауатын көтеру жолындағы негізгі тетіктер, ширк, бидғат, дәстүр ұғымдары туралы, қазақ тұрмысындағы шариғат пен дәстүрдің үйлесімі туралы сұрақтарға тоқталып көрермен қауымға толық түсініктер берді. Ал облыстық Дін істері басқармасының басшысы Ержан Мэлсұлы да осы жылдың ерекшеліктеріне байланысты мемлекет тарапынан атқарылатын іс-шаралар, алға қойып отырған мақсаттарына тоқталды.

Хабар барысында теріс ағымдардың алдын алу бағытында алдағы мақсаттар, мешіттердегі уағыз-насихат, оқу-ағарту, діни білім беру жұмыстарының барысы туралы телекөрермендерден қойылған бірнеше сұрақтарға да жауаптар берілді.

Осы телеарна арқылы екі аптада бір рет жүріліп тұратын «Иман нұры» бағдарламасын  Павлодар қаласының тұрғындары ғана емес  Ақсу, Екібастұз аудан, ауылдары халқы да толығымен көріп тұрады.

 

Амантай ТОЙШЫБАЙҰЛЫ

 

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру