Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Жастарға діни насихат жасалуда

13.03.2014 3548 0 пікір

12 наурыз күні жат ағымдардың алдын алу мақсатында Жезқазған қаласы прокуротурасы және «Ахмет ишан Оразайұлы» атындағы Жезқазған аймақтық мешітінің қатысуымен қалалық Политехникалық колледжі, Гуманитарлық колледжінде  студент жастар және ұстаздарымен кездесу өткізілді. Кездесуге қалалық прокурор көмекшісі Әзимбаев  Абай, Жезқазған аймақтық мешітінің өкіл имамы Жұмабеков Қабылбек Әліпбайұлы және колледж директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Сандықбаева Гүлсім Серікқызы қатысты.

Кездесу барысында Ислам дінінің бейбіт дін екендігі, қоғамдағы уахабилік, сәләфилік сынды жат ағымдардың тигізіп жатқан зияндығы жайында сөз қозғалды. Прокурор көмекшісінің Отан қоғау, туған жерімізді ата-бабамыздың бізге аманат етіп қалдыруы жайында және кері ағымдардың салт-дәстүрімізді мойындамай, теріске шығарып жатқандығы жайлы арнайы дайындаған бейнефильм көрсетілді. Айтылған діни уағыз-насихаттар барысында  туындаған сұрақтарға мамандар тарапынан нақты, толық жауаптары берілді.

ҚМДБ-ның Жезқазған аймағы
бойынша баспасөз қызметі

 

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру