Бұл күндері Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлының бастамасымен жасақталған республикалық ақпараттық-насихат тобы Ақмола облысындағы үгіт-насихат жұмыстарын бастады. Аталған топ наурыз айының 12-15 күндері облысымыздың бірқатар аудандарында болып, жергілікті тұрғындармен кездесулер өткізбекші. Басты мақсат–қазіргі қоғамымызда өзекті мәселеге айналған әртүрлі теріс ағымдардың жолын кесіп, алдын-алу болып табылады.
Насихат тобының жетекшісі Жолдас Қоспақұлы Павлодар қаласы «Ақмешіт» мешітінің бас имамы болып істейді. Ол ислам дінін насихаттауға сүбелі үлес қосып жүрген жандардың бірі. Бұл топтың құрамында облыс имамы Қанат Қыдырмин және Ақмола облыстық дін істері басқармасының бас маманы Болат Қасенов бар.
Алғашқы шара Целиноград ауданында өтті. Насихат тобы жергілікті әкімдікте кездесу өткізіп, Қосшы және Қоянды ауылдарында жамағаттың алдында уағыз-насихат айтты.Алдағы күндері мұндай кездесулер Шортанды , Ақкөл аудандары мен Степногорск қаласында да өткізіледі деп межеленуде.
Ауыл-ауылды аралаған насихат тобы жергілікті жамағатты толғандырған сауалдарына жауап беріп, аңқау елді алдаусыратқан теріс ағымнан қалай қарғану керектігін уағыздайтын болады.
Бақыт СМАҒҰЛ.
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
13.03.2014
3287
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру