Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Республикалық ақпараттық-насихат топ мүшелері Сыр елінде

13.03.2014 3530 0 пікір

РАНТ мүшелері Сыр елінде өз жұмысын бастады. Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы жанынан құрылған Республикалық ақпараттық насихат тобының мүшелері Арман Қуанышбаев пен Нұрбол Тағаев Қызылорда қаласына арнайы ат басын тіреді және Аталмыш ақпараттық топтың мүшелері алғашқы жұмыс кестесіне сай өз жұмыстарын бастап кетті. Атап айтқанда күндізгі уақыт мекемелерде түстен кейін жоғары оқу орындарында және кешкі уақытта мешіттерде мешіт жамағатына уағыз насихатын бастады. Және телеарналар мен газет-журналдарға сұхбат беріп, сол сұхбатты телеарналарда жариялауда.

Сонымен қатар, Арман Қуанышбаев қалалық мектептердің дінтану пәні мұғалімдеріне арнайы семинар-тренинг өткізді. Облыстық «Қазақстан-Қызылорда» телеарнасында «Исламдағы отбасы» тақырыбында арнайы сұхбат берді.

Нұрбол Тағаев-Арал ауданындағы Арал көпсалалы колледжінде «Отанды сүю иманнан» тақырыбында уағыз айтты. Алдағы уақытта Сыр елінің аудандарында көптеген кездесулер өткізу жоспарлануда.

 

Қызылорда облысы «Ақмешіт-Сырдария»
мешітінің Баспасөз хатшысы
Нұрсәуле Дәулетбаева

 

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру