Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Зағип жандарға арналған Құрандар сыйға тартылды (ФОТО)

12.03.2014 3767 0 пікір

Наурыз айының 12 жұлдызында Семей қаласындағы Қос мұнаралы Орталық мешітінде Малайзия мемлекетінен арнайы тапсырыспен алынған, зағип жандарға арналған Брайль қарпімен жазылған Құрандар сыйға тартылды. Өкіл имам Мақсат Алтыбай Қуанышұлы қала тұрғыны, зағип жан Боранбаев Айдархан Қаппарұлына осы Құран кітаптарды сыйлады. Боранбаев Айдархан Алматы қаласындағы зағип жандарға арналған бейімдеу орталығынан брайль тәсілінде құран үйреніп білім алған болатын.

Өкіл имам өз сөзінде: Бабаларымыз «көзі соқырдан көкірегі соқыр жаман» деп бекер айтпаған, көздері көре тұра Құранды оқымағандар үшін бұл үлкен ғибрат алатын іс. Осы алған біліміңді толықтырып, өзің сияқты зағип жандарға осы Құранды үйретуді Алла нәсіп етсін!- деді. Айдархан Боранбаев өкіл имамға және Тас мешіттің бас имамы Нұрбек Нәдірұлына, білім алуына қол ұшын берген азаматтарға өзінің жүрекжарды тілегі мен ризашылығын білдірді.

 

Семей орталық мешітінің
баспасөз қызметі

 

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру