РАНТ мүшелері Астанада өз жұмысын бастады. Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы жанынан құрылған Республикалық ақпараттық насихат тобының мүшелері Ершат Оңғаров, (ҚМДБ Уағыз-насихат және интернетпен жұмыс бөлімінің меңгерушісі, Исламтанушы, теолог PhD докторы) және Оралхан Сейдманов (Алматы қалалық орталық мешітінің найб имамы, «Нұр» Қазақ-Египет Ислам мәдениеті университетінің докторанты) Астана қаласына арнайы ат басын тіреді.
Аталмыш ақпараттық топтың мүшелері алғашқы жұмыс кестесіне сай өз жұмыстарын бастап кетті. Атап айтқанда түске дейін Астана қалалық Қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне қарасты ЕЦ-166/1 түзеу мекемесінде Исламтанушы, теолог PhD докторы Ершат Оңғаров, ЕЦ-166/10 түзеу мекемесінде Оралхан Сейдманов болып, жазасын өтеуші жандармен кездесті. Онда білікті дінтанушы мамандар экстремизмнің алдын алу және дін мен дәстүр сабақтастығы жайында сөз қозғап, жазасын өтеушілерге танымдық ақпараттар беріп өтті.
Сондай-ақ, осы күні білікті исламтанушы, теолог PhD докторы Ершат Ағыбайұлы Астана қалалық төтенше жағдайлар департаментінде болып, ондағы 50-ге жуық қызметкерлермен кездесу өткізді. Онда дініміздің дәстүрмен тығыз байланыста екенін атап кетті. Сонымен қатар, жат ағымдардың зардаптарын айтып, онан әрдайым абай болуға шақырды.
РАНТ мүшесі, Алматы қалалық орталық мешітінің найб имамы Оралхан Сейдманов та түс қайта Астана қалалық Қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне қарасты ЕЦ-166/22 мекемесінде жазасын өтеп жатқан жандармен жүздесті. Ұлттық дәстүріміздің дінімізбен біте қайнасқан құндылық екенін сөз ете келе мүддесі бөлек, мақсаты басқа жат ағымдардан алыс жүруге үндеді.
«Нұр Астана» орталық
мешітінің баспасөз қызметі
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
12.03.2014
3920
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру