7 наурыз күні жұма намазынан кейін Атырау қаласына қарасты Жұлдыз ықшам ауданындағы «Қажымұқан Мұңайтпасұлы» мешітінде жамағаттың басын біріктіру мақсатында дастархан жайылды.
ҚМДБ-ның Атырау облысы бойынша өкілі Батыржан Берденұлының бастамасымен аталмыш мешіт имамы Алимов Мұнархан Шапенұлының ұйымдастыруымен ақ дастарханда аудан тұрғындары мен жамағаттары бас қосты. Өкіл имам қазіргі діни ахуал жайында, яғни үй ішіне-үй тігіп жатпай бірігетін уақыттың келгені жөнінде сөз етіп, сондай-ақ ұстазсыз мектеп қалыптастырмай арнайы мешіт жанындағы діни сауаттандыру орталығына білім алуға шақырды. Жиналған халық өкіл имамға және осы бас қосуды ұйымдастырып отырған имам А.М.Шапенұлына алғыстарын жеткізді.
Дастархан басында уағыз айтылып, құран оқылып үлкендердің батасымен ас қайырылды.
«Иманғали» орталық мешітінің
Баспасөз қызметі
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
11.03.2014
3921
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру