Қоғам болған соң ішінде мұқтаж бен мүгедек жандар болары анық. Алайда Аллаһ Тағала мұсылман пендесіне ондай жандар үшін әрдайым қамқорлық көрсетуін бұйырады. Сауабы мол мұндай шарадан ақтаулық мешіт жамағаттары да қалыс қалмауда.
Маңғыстау облысы бойынша өкіл имам Смайыл Сейтбеков орталық мешіт жамағатын ай сайын қайырымдылық шарасын өткізуге шақырып, нәтижесінде оң бастама қолға алынған еді. Игі бастаманың жалғасы ретінде жамағат тарапынан жиылған қаржыға қаланың іргесіндегі Қызылтөбе, Маңғыстау ауылында тұратын 11 отбасыға арнап азық-түлік алынып, 8 наурыз күні өкіл имам С.Сейтбеков әр отбасыға кіріп, өз қолымен табыс етті.
Солардың ішінде 18 құрсақ көтерген Тұрды Гүзел есімді ананы ерекше атап кеткен орынды болар. Батыр анамыз 5 рет егіз босанып, 10 қыз, 8 ұлды дүниеге әкелген. Әрнине мұқтаж жандар арасында мүгедектер де бар. Олардың әрбіріне облыстық мешіт жамағаты атынан ұйымдастырылған көмекті қабыл алуларын өтініп, таратылды.
Маңғыстау облыстық орталық
мешіттің баспасөз хатшылығы
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
11.03.2014
3701
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру