Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Бас имам ауыл жамағатымен кездесті

07.03.2014 4070 0 пікір

Теректі ауданы, Подстепное ауылының қазақ орта мектебінде ҚМДБ-ның БҚО бойынша өкіл имамы Руслан Сұлтановтың қатысуымен ауыл жамағаттарымен кездесу болып өтті.

Оған аудандық мешітінің бас имамы Халықбек Сыдықов, аудандық мәслихат депутаты, «Үміт» лингвистикалық гимназиясының директоры Дариға  Мұштанова, ауыл жамағаттары қатысты.

Кездесуде сөз алған облыс имамы Руслан Тыныштықұлы: Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлы 2014  жылды «Дін мен дәстүр» жылы деп жариялауы ел мұсылмандары парапынан үлкен қолдауға ие болды. Бірлік, ынтымақ, имандылық тақырыбы жайында насихат айтып, ҚМДБ-ның төрағасы, бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлының бастамасымен жарық көрген «Дін мен дәстүр» кітабын таныстырып өтті. Жамағаттар арасынан сұрақтар қойылып, тұщымды жауаптар алды. Көптен түйінін таба алмай келе жатқан жаңа мешіт салу мәселесі оң шешімін тапты.

 

АНТ жетекшілері арасында семинар-тренинг өтті

Батыс Қазақстан облысы мәслихатының кіші мәжіліс залында Ақпараттық-насихат топ жетекшілерін оқытуға байланысты 2013-2017 жж. арналған семинар-тренинг ұйымдастырылды.

Семинарға Батыс Қазақстан облысы дін істері басқармасының басшысы Талғат Рақымұлы Нығметов, Батыс Қазақстан облысы дін істері басқармасының бөлім жетекшісі Баянгүл Қуандыққызы Семгалиев, Батыс Қазақстан облысы ішкі саясат басқармасының бөлім басшысы Жамал Сағынғалиқызы Ихсанова, Батыс Қазақстан облысы прокуратурасының бөлім басшысы Адат Кеңесұлы Мұқанғалиев, ҚМДБ-ның БҚО бойынша өкіл имамы Руслан Тыныштықұлы Султанов және басқада дінтанушы мамандар мен БАҚ өкілдері қатысты.

Күн тәртібінде «Ақпараттық-насихат топтарын құрудың өзектілігі» атты баяндамада БҚО ДІБ басшысы Т.Нығметов, «Ақпараттық-насихат жұмысының қоғамдық-саяси өзектілігі» тақырыбында БҚО ІСБ бөлім басшысы   Ж.С.Ихсанова, «АНТ жұмыстарын жүргізудегі заңдық құқықтар» атты тақырыпта БҚО прокуратурасының бөлім басшысы А.К.Мұқанғалиев баяндама жасады. Семинарда қарастырылған мәселелер өз шешімін тапты деуге толық негіз бар.

 

Нұрлан САМАТҰЛЫ,
ҚМДБ-ның БҚО бойынша баспасөз хатшысы.

 

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру