Жезқазған аймағы бойынша «Ахмет ишан Оразайұлы» атындағы орталық мешіті және қалалық ішкі саясат бөлімінің ұйымдастыруымен қала маңындағы Талап ауылының тұрғындары, мектеп оқушыларымен жергілікті ақпараттық насихат жұмыстары жүгізілді. Атап айтқанда жиналған жұршылықа қалалық ішкі саясат бөлімінің сектор меңгерушісі Ахметов Мейіржан Кенжеғарұлы Жезқазған аймақтық мешітінің өкілі, «Ахмет ишан Оразайұлы» атындағы мешітінің бас имамы Жұмабеков Қабылбек Әліпбайұлын таныстырды.
Жиналған ауыл тұрғындарына Өкіл имам Қабылбек Әліпбайұлы сөз кезегінде қазіргі таңдағы өзекті мәселелердің бірі теріс ағымдардың қоғамда алауыздық тудырып жатқандығын айтты. Ақпараттық технологияның дамыған шағында интернет жүйесінде де кез-келген сайттарға жүгінбей, арнайы ҚМДБ-ның muftyat.kz сайтының әріптестер бөліміндегі аймағымыздың ahmetishan.kz сынды сайттардан, сараптамадан өткен кітаптардан діни мағлұматтар алуға шақырды. Уағыз-насихат барысында діни тұрғыдан туындаған сұрақтарын маман иелерінен сұрап, өз жауаптарын алды. Алдағы уақытта мешіт қызметкерлерімен келісе отырып осындай кездесулерді өткізетіндігін жеткізді.
ҚМДБ-ның Жезқазған өңірі бойынша
өкілдігінің баспасөз қызметі
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
07.03.2014
3486
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру