Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Діни істер агенттігінің жауапты хатшысы Үшқоңырда

07.03.2014 4240 0 пікір

2014 жылдың 6 наурыз бейсенбі күні ҚР-ның діни істер агенттігінің жауапты хатшысы Төлеген  Төлеуханұлы Ысмайлов мырза Алматы облысы, Үшқоңыр ауылы «Қарасай батыр» мешітіне  ресми сапармен келді.

Бұл жиынға Алматы облыстық діни істер агенттігінің басқарма басшысы Тәңірберген Қасымақынұлы Қасымберкебаев, Қарасай ауданы әкімінің орынбасары Ұлтай Амангелдіқызы Бархинова, Алматы өңірі бойынша өкіл имам Әсет Қадырақынұлы Аташов, әкімшілік өкілдері, бұқаралық ақпарат өкілдері, Қарасай ауданы мешіттерінің имамдары  қатысты. Алғы сөзді өкіл имам Әсет Қадырақынұлы бастап, ҚМДБ-ның төрағасы, Ержан қажы Малғажыұлының сәлемін жиналған қауымға жеткізіп, Бас мүфти мен ҚР  діни істер  агенттігінің басшысы арасындағы меморандумға тоқталып, бұдан әрі жоғарыда көрсетілген екі жақты келісім нәтижелі іс-шаралар өткізуге оң ықпал тигізеді деп атап айтты. Сонымен қатар, дін басының  бастамасымен 2014 жыл «Дін мен дәстүр» жылы болып жарияланғанын, отанымыздың одан әрі өркендеп, ұлттық тәлім-тәрбиенің адам санасына дәстүрлі діни  тұрғыдан рухани жаңғыруына септігін тигізетінін баян етті. ҚР-ның діни істер агенттігінің жауапты хатшысы Төлеген  Төлеуханұлы Елбасы үндеуіндегі айтылған ынтымағы жарасқан Қазақ елінің және бірлігі пен татулығы бекіген мұсылман әлеуметінің болашақта өркениетті 30 мемлекеттер ішіне қосылатынын сеніммен жеткізіп, ізгі лебізін білдірді. Сондай-ақ, имамдарды мазалаған сұрақтарға жауап берді.

Жиын  соңында Құран бағышталып, облыс өкіл имамы Әсет Қадырақынұлы жиналған қауымға ақ батасын берді.

 

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру