Бас имам тікелей эфирде
Қазақстан Мұсылмандары Діни Басқармасының Атырау облысы бойынша өкілі, «Иманғали» орталық мешітінің Бас имамы Батыржан қажы Берденұлы Атырау облыстық «Қазақстан Атырау» телеарнасының тікелей эфирде шығатын «Иман нұры» бағдарламасында «Аналарды аялайық» атты тақырыппен салиқалы сұхбат өткізді. Бас имам Б.Берденұлы тікелей эфир барысында Ислам діні келместен бұрынғы нәзік жандылардың жағдайы мен Ислам діні келгеннен кейінгі ақжаулықты аналарға деген сый-құрметтің өзгергенін айрықша атап өтті.
Сондай-ақ Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) «Жәннат – аналардың аяғының астында» және т.б. осындай аят-хадиспен дана халқымыздың қанатты сөздерін тілге тиек ете отырып перзенттің ана алдындағы міндеттерін түсіндірді.
Әйелдер қауымына базарлық
8 наурыз – халықаралық әйелдер күніне орай ҚМДБ-ның Атырау облысы бойынша өкілі Батыржан Берденұлының бастамасымен көмекке зәру болған аналарға қайырымдылық шара ұйымдастырылды.
Көпбалалы аналардың бірі Жанар апайға «Иманғали» орталық мешіт атынан балаларға киім-кешек, азық-түлік және қаржылай көмек берілді. 10 баланың анасы болған Жанар апайға Б.Берденұлы келе жатқан мерекемен құттықтап, деніне саулық, отбасына жаратқан береке тіледі. Он балалы Жанар апа да шексіз разылығын білдіріп, алғысын жеткізді.
Сондай-ақ, жамағаттарымыздың бірі Балзиба анаға да қаржылай көмек көрсетіп, Бас имам аналар мерекесімен құттықтады. Атыраулық аналарымыз үшін шара осылай жалғасын таба бермек.
«Иманғали» орталық мешітінің
Баспасөз қызметі
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
07.03.2014
3456
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру