Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Атыраулық жамағат шейхтан дәріс тыңдамақ

06.03.2014 3351 0 пікір

Қазақстан Мұсылмандары Діни Басқармасының төрағасы, Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлы хазрет: «Біздің күшіміз уағызда» деп айтқандығы ел мұсылмандарына мәлім. Уағыз насихат шараларын күшейту мақсатында еліміздің батыс өңіріндегі діни ахуалдың күрделі екендігін ескере отырып, Бас мүфти арнайы шақыртуымен Мысыр елінен әл-Азһар университетінің шейхы Мұхаммед Жамалуддин Хашимды Атырау өңіріне мешіт-медреселерде дәріс беру мақсатымен алдырған болатын.

Бүгін облыстық «Иманғали» орталық мешітінде ақшам мен құптан намаздарының арасында мешітке жиналған жамағатқа ҚМДБ-ның Атырау облысы бойынша өкілі, «Иманғали» орталық мешітінің Бас имамы Батыржан Берденұлы шейх Мұхаммед Жамалуддин Хашимның 70 тен аса білімде ижазасы бар ғалым екендігін айтып таныстырды. Бас имам: «Бас мүфтиіміз уағыз насихатты жандандыру, дәстүрлі емес бағытта жүрген бауырларымызды райынан қайтаруды өкіл имамдарға тапсырған болатын» – дей келе жамағатқа бізге берілген осындай мүмкіндікті мүлт жібермей, жақсылап бірге пайдалануға шақырамын деді.

 

 «Иманғали» мешітінің баспасөз қызметі

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру