4 наурыз. Америкалық журналист, «The Islamic Monthly” атты ислами журналының бас редакторы Арсалан Ифтихар «Нұр Астана» мешітіне арнайы келді.
Аталмыш қонақты ҚМДБ-ның Астана қаласы бойынша өкілі, «Нұр Астана» мешітінің бас имамы Наурызбай қажы Өтпенов қарсы алды.
Кездесу барысында бас имам Наурызбай Тағанұлы шетелдік қонаққа сәні жарасқан «Нұр Астана» мешіті мен «Астана» медресесін таныстырып кетті. Сонымен қатар, еліміздегі ұлтаралық татулық пен дінаралық қарым-қатынастың маңыздылығына да тоқталды. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев үнемі елдің бірлігіне, татулығына және ұлтаралық-дінаралық қарым-қатынасқа аса көңіл бөлетіндігін айрықша атап өтті.
Сөз арасында журналист Арсалан Ифтихар өзін қызықтырар сауалдарын да қойды. Бас имамнан тұщымды жауап алған А.Ифтихар қазақ елінің экономикалық жағынан да көш ілгері келе жатқанын ерекша айтып кетті.
Бас имам Н.Тағанұлы келген қонаққа кәделі сый жасап, электронды Құран, «Үміт сәулесі» және үш тілде жазылған «Нұр Астана» мешіті атты кітаптарды тарту етті.
«Нұр Астана» мешітінің
баспасөз қызметі
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
05.03.2014
3811
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру