Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлы хазреттің тапсырмасымен мешіт жамағаттарын оқыту қолға алынған болатын. Осыған орай, 1-28 Ақпан аралығында Семей аймағына қарасты Төлеубекқажы мешітінде Жамағаттардың біліктілігін арттыру бір айлық семинары өтті.
Алла Тағала Құрани Кәрімнің Мүжәдала сүресінің 11 аятында«Алла иман еткендер мен ілім берілгендердің дәрежесін көтереді» деген. Соның нәтижесінде Наурыз айының 3-ші жұлдызында Семей жамағаттарының 1-ші топ бір айлық жоспарланған оқу бағдарламасын тәмәмдап оқығандығын куәландыратын сертификат куәлігі берілді. Семей аймағы Қос мұнаралы орталық мешітінің өкіл имамы Алтыбай Мақсат Қуанышбекұлы жамағаттарға мұсылман үшін ілім алу, білімді болу ғибадатының кемшіліксіз орындалуына жол ашады, осы алған білімдерін жетілдіре берулеріне тілектестік білдірді.Өз кезегінде дәріс алған жамағаттар еліміздің Бас мүфтиі Ержан қажы Малғажыұлына Семей өңірінің өкіл имамына және дәріс берген ұстаздарға алғыстарын айтып ризашылықтарын білдірді. Ерекше Төлеубек қажы мешітінің бас имамы Ұлан Ермекұлына 1 ай бойы атқарған қызметіне ризашылықтарын білдіріп баталарын берді.
Семей орталық мешітінің баспасөз қызметі.
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
04.03.2014
3290
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру