Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Мұқтаждардың мұңын бөліскен «Әзірет Сұлтан» мешіті (ФОТО)

04.03.2014 3785 0 пікір
Қаһарлы қыстан қысылып шыққан елорда жұртының көктем келісімен жадырап сала берген табиғат мінезін  күткеніне көп болып еді. Мейірімді анадай жылуын төккен күннің көзі кешелі бері күлімдеп-ақ тұр. Көктем келіп, көңіл-күй де көтеріңкі болып кеткендей...

Қашанда қайырымдылық шараларына ұйытқы болып  жүретін «Әзірет Сұлтан» мешіті де көктемнің алғашқы күнінде мұқтаж жандардың көңілдеріне қуаныш ұялатып, мейірім шуағын себуге тырысты.  Тұрмыс тауқыметін тартып, торыққан жандарға қол ұшын созып, бір жыртығна жамау болуға тырысқан мешіт ұжымы «Мұқтаждың мұңын бөліс» атты қайырымдылық шара аясында 50 отбасына азық-түлік қорын таратты.Бірнеше бағытқа бөлінген мешіт қызметкерлері  қатал нарықтың қыспағында қалған көп балалы отбасыларға, асыраушысынан айырылғандар мен жұмысқа қабілетсіз қарттарға, мүмкіндігі шектеулі жандардың жанұяларына айлық күнкөрісіне жетерліктей азық-түлік жеткізіп берді.

Сондай-ақ, «Хан шатыр» сауда ойын-сауық орталығында «Мейірімділік-К» қайырымдылық қорының ұйымдастыруымен өткен мүмкіндігі шектеулі балалардың көрме-жәрмеңкесіне қатысқан он бес жеткіншектің отбасына да көмек қолын созып, қамқорлық көрсетті. Осы шараға «Нұр Астана» мешітінің наиб имамы Асхат Сәлимов те қатысып, ұйымдастырушыларға игі тілегін жеткізе келе, мүмкіндігі шектеулі, көрменің жеңімпазы атанған Серікбаев Медетке мешіт атынан LG плазмалық теледидарды сыйға тартты. Алла барлығымызға сауаптан жазғай!

Қайырымдылық шарасы жайлы фоторепортажды сайтымыздың "Фотогалерея" айдарын көре аласыздар!

muslim.kz

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру