ҚМДБ-ның Маңғыстау облысы бойынша өкіл имамы С.Сейтбеков 2-ші наурыз күні облыстық орталық мешітте көмекке мұқтаж 30 отбасыға қайырымдылық шарасын ұйымдастырды. Қаламызға танымал Лепес қажы ақсақал өкіл имамның жасап жатқан игі шарасына батасын берді. Көмек ретінде ұн, күріш, сұйық май секілді азық-түлік таратылды.
Бас мүфти тапсырмасына орай облыстағы барлық имамдар апта сайын мұқтаж жандарға, жетім балаларға, мүгедектерге арнап игі шараны жолға қойюда. Дініміз мұқтаж жандарға көмек беруімізді бұйырады. Бірде ардақты Пайғамбарымыз (с.а.у.) Айша анамызға: «Ей, Айша! Құрманың жартысын болса да садақа етіп, тозақтан сақтан», - деген. Міне осындай сауабы мол шараны өкіл имам Смайыл Сейтбеков мешіт жамағаттарына жеткізу арқылы айына бір рет мешіт жамағаттары болып, қайрымдылық шарасын өткізуді қолға алды. Жұмыла көтерген жүк жеңіл демекші әрбіріміз айына бір рет мешіт жамағаты болып, көмекке зәру жандарға қол ұшын беруді әдетке айналдырсақ, өте тамаша игі іс болар еді.
Маңғыстау облыстық орталық
мешіттің баспасөз қызметі
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
03.03.2014
3774
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру