Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Шындықпен бетпе-бет

28.02.2014 4148 0 пікір

Жергілікті «ТДК-42» телеарнасындағы «Шындықпен бетпе-бет» тікелей бағдарламасының «Қазіргі уақыттағы өңірдің діни-ахуалы» атты тақырып жайында ҚМДБ-ның БҚО бойынша өкіл имамы Руслан Сұлтанов сұхбат берді.

Тікелей бағдарламада  облыс имамы  Руслан Тыныштықұлы: ҚМДБ-ның төрағасы, бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлының үш бағыт бойынша берілген тапсырмасы аясында бірқатар игі істер іске асырылып жатқандығын, «Дін мен дәстүр», «Ғибратнама» атты кітаптарына тоқталып, көпшілікке кеңінен түсіндіріп, қазіргі уақытта облыс көлемінде атқарып жатқан істерін айтып, уағыз-насихат жұмыстары мен қайырымдылық шарасы да жанданып келе жатқандығын жеткізді.

Тікелей эфир болғандықтан журналист пен көрермен арасынан өздерін толғандырған сауалдарын жолдап,  мазмұнды мағлұматтар алынды.

«ТДК-42» телеарнасына   «Дін мен дәстүр», «Ғибратнама» атты кітаптарын сыйға берді.

Нұрлан Саматұлы,
ҚМДБ-ның БҚО бойынша баспасөз хатшысы.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру