Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Көңілден пейіл, жүректен мейірім азаймасын!

27.02.2014 3950 0 пікір

Пайғамбарымыз Мұхаммед( с.ғ.с ) бір хадисінде: «Өзгелерге мейірім таныта алмаған адамға Алла тағала да қайырымдылық жасамайды» десе тағы бір хадисінде: «Алла Тағала ауыртпалыққа ұшырағандарға қол ұшын берген жандарды жақсы көреді»,-деген еді.

 ҚМДБ-нан берілген тапсырмалардың ең басты бағыттарының бірі болған қайырымдылық жасау шараларын жүзеге асыру ісіне Павлодар облысына қарасты қала, аудан, ауыл имамдары барынша ынталылық көрсетуде. Жуырда ғана Павлодар облыстық орталық «Мәшһүр Жүсіп» мешітінің ақылдастар алқасының шешімімен ай сайын мұқтаж жандарға 100 мың теңге  көлемінде қаржылай немесе заттай  тұрақты көмек көрсетіп тұруға шешім қабылданды. Осы шешім бойынша  өкіл имам Нариман Ермекұлының ұйымдастыруымен демеуші азаматтардың қолдауымен тұрмыс жағдайы төмен, көп балалы, ауру-сырқаулы т.б әртүрлі себептермен мұқтаж болған  8 отбасы мүшелеріне 20 мыңнан 50 мың теңге аралығында барлығы 200 мың теңгенің ақшалай және заттай қайырымдылық көмегі жасалды.

Өкіл имам Н.Исенов өз сөзінде: «Жерде бір бала қуанса, көкте мың періште шаттанады» дейді қазақ халқы. «Бір адам құдық қазса, мың адам су ішеді» деп те айтады. Алла Тағала атымтай жомарт азаматтардың қайырымды ісіне сауабын молынан беріп, еңбегін жандыра берсін! Қайырымдылық жасап, қайырын көре берсін. Жүректен мейірім, көңілден адал пейіл азаймасын, -деп ризашылығын білдірді.

  Амантай ТОЙШЫБАЙҰЛЫ

 

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру