Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Баянды бастамалардың жалпы барысы

27.02.2014 3611 0 пікір

ҚМДБ-ның Жамбыл облысы бойынша өкіл имамының басшылығымен қала, аудан бас имамдарының кезекті жиналысы болып өтті.

Жиналыста  ҚМДБ-ның төрағасы, Бас  мүфтидің тапсырмалары негізінде, өңірімізде атқарылып жатқан жұмыстардың белсенділігі мен қортынды көрсеткіш есебі талқыланып, түйіткелі көп мәселелер төңірегінде пікір алмасты.

Өкіл имам Жұмабаев Данияр қажы бұған дейінгі жиналыстардың бірінде әр ауданның бас имамына өздері басшылық етіп отырған аудан көлемінде атқарылып жатқан үш бағыттық яғни, теріс ағымдар алдын алу, қайырымдылық іс-шаралар ұйымдастыру және уағыз – насихат жұмыстары есебін аптаның әр сенбісінде өкілдікке жолдаулары тиіс болатын. Аталған апталық есептер бойынша аудан имамдардың деңгейі анықталып, жақсы, орта, төмен және өте төмен көрсеткіштері белгіленді. Жақсы көрсеткіш көрсеткендерге көтермелеу, төмен және өте төмен көрсеткіш көрсеткендерге сын ескерпе сөздері айтылды. Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) хадис шәріпінде: «Сендерге бірге болуларыңды өсиет етемін. Бөлініп шығудан өте қатты сақ болыңдар. Себебі, шайтан жеке басына өмір сүрген кісіге жақын болады. Бірге болған екі адамнан алыс тұрады. Кімде кім жәннәттің дәл ортасында өмір сүргісі келсе, бірге болуға мән берсін»,–деп өсиет еткен.

Өңіріміздегі діни ахуалды жақсарту мен руханиятымызды өркендеуі жолында атқарылып жатқан жұмыстарды жандандыру әрбір аудан бас имамдарының ортақ мақсаты екені айқын.

 

Жақсылыққа жаршы, береке ұйтқысы білікті имамдар

ҚМДБ-ның Жамбыл облысындағы өкілдігінің ұйымдастыруымен «Һибатулла-Тарази» медресесінде облыстағы қала, аудан бас имамдары мен Тараз қаласында орналасқан мешіттердің имам, молдаларының қатысуымен кеңейтілген мәжіліс болып өтті.

Мәжіліске Жамбыл облысы әкімдігінің дін істері басқармасының бастығы С. Айдапкелов пен БАҚ өкілдері қатысты.

Өкіл имам Жұмабаев Данияр қары мәжіліске қатысушыларды таныстыра келіп, сөз кезегін С. Айдапкелов мырзаға берді.

Сөз алған Серғали Өрімзақұлы Елбасының халыққа Жолдауы - «Мәңгілік Ел» ұлттық идеясы және Қазақстан атауының «Қазақ елі» деп өзгеруі туралы ұсынысы туралы айта келіп, ұлттық валютамыздың долларға қатысты бағамы құнсыздану девальвациясы мен елді дүрбелеңге салған кейбір екінші дәрежелі банктер жабылады-мыс деген қауесеттің салдарынан болып жатқан келеңсіздіктерді болдырмау жолдары жөнінде кеңінен баяндады. Сөз соңында мәжіліске қатысушылардың баяндама төңірегінде қойған сауалдарына жауап берді.

Пайғамбарымыз (с.ғ.с.): «Кiм маған бойсұнса, ол Аллаға бойсұныпты. Кiм маған бойсұнбаса, ол Аллаға бойсұнбапты. Кiм басшыға бағынса, ол – маған бағынғаны. Кiм басшыға бағынбаса, ол – маған бағынбағаны», - дейдi. Бұл – халықтың өз басшысына бойсынуы қажет екендігіне дәлелді хадис. Демек, еліміздің қолданысындағы заң талаптарын орындау мұсылмандық міндетіміз болып табылады.

                                                                                 Көгедай Шәмерхан

 

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру