Жер жаннаты Жетісу аталатын облыс орталығы Талдықорған қаласынан 28000 данамен тарайтын «Вечерний Талдыкорган» барша жұртқа ақпарат беретін газет. Осы газеттің бас ғимаратында Талдықорған өңірінің өкіл имамы Серікхан қажы Рымханұлы халықтың білгісі келген сұрақтарына «тікелей желі» (прямая линия) арқылы жауап берді.
Аталмыш шара туралы газеттен бір апта бұрын 25 ақпан сағат 15.00-ден 16.00-ге дейін өтетіндігі жаряланған болатын. Толассыз шалынған қоңыраулардың нәтижесінде бір сағат аясында 48 сұраққа жауап берілді. Сұрақтардың басым көпшілігі отбасы, неке және оқу орындарында орамал тағу мәселелерінде қойылды.
Осы қойылған сұрақтар жауаптарымен газетке толық басылып жалпы халыққа жаряланатын болады. Өткізілген шара халықтың көңілінен шығып, алдағы уақытта тағы ұйымдастырылатын болады.
ҚМДБ Талдықорған өңірі
бойынша баспасөз қызыметі
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
27.02.2014
3911
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру