ҚМДБ-ның төрағасы Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлының бастамасымен «Дін мен дәстүр» кітабы жарық көрген болатын. Тарихы тереңге тамыр тартқан қазақ елінің кемеңгер дәстүрінен сыр тартқан аталмыш кітаптан өңіріміздің көптеген кітап сүйер оқырмандары өздерін мазалаған көптеген сұрақтарына жауаптар алып, кітапқа деген сұраныс пен қызығушылықтары күннен күнге артуда.
Қызылорда облысының өкілі, «Ақмешіт-Сырдария» мешітінің бас имамы Талғат Сейіткәрімұлы Ә.Тәжібаев атындағы Қызылорда облыстық әмбебап ғылыми кітапханасына арнайы ат басын бұрды. Басты мақсат халқымызға, жастарға, кітап сүйер қауымға асыл дініміз бен ата дәстүрімізді насихаттау. Кітапхана басшысымен кездесу барысында жастарымыздың бойында ұлттық болмысты қалыптастыруға негізделген жан-жақты келелі әңгіме өрбіді. Осы орайда, Талғат Сейіткәрімұлы кітапхана басшысына «Дін мен дәстүр» кітабының алдағы уақытта да оқырмандарға қолжетімді болуы үшін әрбір қаламыздағы және облысымыздағы кітапхана сөрелеріне қоюды ұсынды. Облысымыздағы талай игі істің бастамашы болып жүрген орталық кітапхананың басшысы өз сөзінде Талғат Сейіткәрімұлының бұл ұсынысы құптарлық ой екенін әрі дәстүрімізді дәріптейтін мұндай бағалы басылымның кітапхана сөрелерінен орын алуы оқырмандар үшін қуантарлық жаңалық болатындығын тілге тиек етіп, зор ықыласын білдірді.
«Кітап-оқығандікі, Білім-тоқығандікі» - демекші, сиясы кеуіп үлгермеген аталмыш кітап оқырмандардың зор ықыласына ие болғаны көңілге қуаныш ұялатады. Бұл өз кезегінде еліміздің өз төл тарихы мен дәстүрін терең білуге деген ықыласты құлшыныстарынан хабар береді. Ал, Ислам ақиқатының нұрынан нәр алған қазақ халқының дәстүрін ұрпақ санасына сіңіру, ел болашағының кемелдігіне қарай басылған нәтижелі нық қадам болмақ.
Нұрсәуле Дәулетбаева
Қызылорда қаласындағы
"Ақмешіт-Сырдария" орталық
мешітінің баспасөз хатшысы
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
26.02.2014
3516
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру