Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлының тапсырмасына орай, биылғы жылы атқарылатын іс-шаралардың негізгі бағыттарының бірі қамкөңіл жандарға қайырымдылық жасау, көмек көрсету.
Осыған орай, Алматы қаласы «Орбита» мешітінің бас имамы Асан Тілеубердиев мүгедектермен тағылымды кездесу өткізді. Әр ұлт өкілі бар мүмкіндігі шектеулі жандар жұма намазына қатысып, жамағатпен бірге дұға жасап, Алладан тілік тіледі. Кездесуде сөз алған бас имам: «Пайғамбарымыз бір хадисінде мейірім көрсетпегенге мейірім көрсетілмейді деген. Сондықтан, Алла елшісінің әрбір өсиеті мен өмірі мұсылмандарға үлгі. Ол өзі жалғыз отырып ас ішпейтін. Әлемдердің елшісі бола тұра қарапайымдылық танытып, ғаріп жандар мен бір дастарханның басында отыруды ұнататын еді», - деді.
Өткізілген іс-шарадан мүмкіндігі шектеулі жандар жылулықты қажет ететінін және жүздерінен күлкі мен қуаныш отын, көтеріңкі көңіл-күйлерін көрдік. Мүмкіндігі шектеулі жандар бір-бірімізге мейірімдік танытып, құрмет көрсетуге үндеп, бұл өмірде барлығы уақытша екендігін ұмыттырмайтынын түсіндік.
Кездесу соңында мүгедектерге арнайы дастархан жайылып, сыйлықтар табыс етілді.
«Орбита» мешітінің баспасөз қызметі
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
25.02.2014
3809
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру