ҚМДБ ның төрағасы Ержан қажы Малғажыұлының бастамасымен Қызылорда облысының өкілі Талғат Омаровтың ұйымдастыруымен «Ақмешіт-Сырдария» мешітінде Сыр елінің имамдарына (қала және аудан бас имамдарымен найб имамдарына) Құран Кәрімнен 1 апталық семинар басталды.
Семинардың мақсаты имамдардың білімділігі мен біліктілігін кеңейту. Бұл шара әр айдың соңғы аптасында болып өтеді. Осы жерден білім алған имамдар білімдерін өздеріне қарасты ауыл имамдарын жинап, 1 апталық семинар өткізеді. Жоспар бойынша 1 жылда 1 пара Құран жаттату. Сабақты орталық «Ақмешіт-Сырдария»мешітінің ұстазы Гаджиев Мұхтар өткізуде.
Алдағы уақытта әр айдан кейін қала аудан имамдарына Хадис ілімі Фиқһ және Ақида сабақтары өткізу жоспарлануда.
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
25.02.2014
3830
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру