Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлы имамдардың білікті де білімді болуын ең басты назарға қойып отыр. Осы тапсырмаға сәйкес, Талдықорған өңірінің өкіл имамы Серікхан Ахмадиевтің ұйымдастыруымен өңіріндегі ауыл имам-молдалардың біліктілігін көтеру мақсатында Талдықоған қаласында діни семинар өз жұмысын аяқтады. Семинар барысында 17 ауыл имамдарының қатысуымен екі апталық семинар болып өтті.
Семинарда: Ақида, шариғат негіздері, құран, құранның дұрыс оқылу ережелері, нәпсі тәрбиесі, уағыз айту тәртібі сияқты пәндері оқытып үйретті. Өкіл имам Ахмадиев Серікхан семинар соңында ауыл молдаларына батасын беріп, алған білімдерін ауыл халқына жамағатына насихаттауды тапсырды.
РАНТ мүшелері жамағатты тағы бір серпілтіп тастады.
РАНТ-ның үгіт-насихат тобы Талдықорған өңіріне қарасты мешіттерде және оқу орындарында уағыз-насихат айтып, жастардың діни сауатын көтеріп, жамағаттардың ықыластарын тағы бір серпілтіп тастады. Бұл жолы уағыз-насихат барысында Бас мүфти хазіреттің имамдарға берген талабы бойынша қоғамға іріткі салып, дініміз бен дәстүрімізге жат әрекет жасайтын өзге ағымның өкілдерімен көркем түрде, сабырлық таныта жұмыс жасау, насихат жұмыстарын жандандырып, халықты ауыз біршілікке үндеу, қайырымдылық іс-шраларын өткізу, қамқорлық акцияларын ұйымдастыру сынды бірқатар жұмыстарды қоса орындауға көңіл бөлінді. РАНТ мүшелерімен қоса облыста құрылған уағыз-насихат тобының мүшелері де өз міндеттерін атқарды.
Қасиетті жұма күні топтың мүшелері аудан орталықтарында түске дейін оқу орындарында болып, жұма уақытында мінберде уағыздарын айтты. Атап айтар болсақ Талдықорған «Нұр» орталық мешітінің найб имамы Оразбаев А. Көксу ауданына және найб имам Данағулов А. Текелі қаласына және «Нұр» орталық мешітінің ұстазы Мухаммад Ордабай Қаратал ауданына, Еркін мешітінің Бас имамы Медетбеков. А Көктал ауылдық мешітіне, Жетісу мешітінің найб имамы Манарбек Еңбек ауылдық мешітіне, «Нұр Мүбәрәк» университеті мешітінің бас имамы Смагулов Құрмет Жетісу мешітіне уағыз айтты. Жұма күні ғана 11 кездесудің болғанын ескерсек, РАНТ мүшелерінің келген күнінен бастап өткізілген шаралар ұтымды жемісін берді. РАНТ мүшесі Смагулов Құрмет уағыз-насихат жұмысын «Иманашар» бағдарламасында тікелей эфирде жалғастыратын болмақ.
Талдықорған «НҰР» орталық
мешітінің баспасөз қызметі
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
24.02.2014
3940
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру