Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Игілікті жүздесу

21.02.2014 3939 0 пікір

ҚМДБ-ның төрағасы, Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлының бастамасымен биылғы жылды «Дін мен дәстүр» жылы деп жариялады. Бұл мешіт имам-молдалары мен медресе ұстаздары үшін игі бастама болды. Осыған орай ҚМДБ-ның БҚО бойынша өкіл имамы Руслан Сұлтанов дін мен дәстүр сабақтастығын насихаттау барысында Теректі ауданы, Подстепное ауылы «Үміт» лингвистикалық гимназиясының акт залында  жиылған жамағатпен жүздесті.

Жүздесу барысында сөз алған облыстық орталық мешітінің бас имамы Руслан Тыныштықұлы: Жас ұрпақтың бойына ұлттық құндылықтар мен дінімізбен біте қайнасқан дәстүрлі  тәлім-тәрбиені қалыптастыруға, жиылған қауымды салт-дәстүрді құрметтеуге үндеп, уағыз-насихатпен айтып жеткізді.  Облыс имамына ауыл тұрғындары сауалдарын қойып, мазмұнды мағлұматтар алды.

Жиналған қауымға бас мүфтидің бастамасымен жарық көрген «дін мен дәстүр» атты кітаптарын сыйға берілді.

Бұл жүздесуге  қажылық парызын өтеген ақсақалдар мен әжелер, ауыл жастары мен тұрғындар қатысты.

Нұрлан Саматұлы,
ҚМДБ-ның БҚО бойынша
баспасөз хатшысы.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру