Қасиетті жұма күні, яғни 14 ақпан күні өкіл имамы С.Сейтбеков Ақтау қаласындағы «Облыстық мамандандырылған балалар үйіне» қайырымдылық шарасын ұйымдастырды. Бұл балалар үйіндегі тәрбиеленушілер перзентханадан тастанды балалар болып саналады. Мекеме басшысымен тілдескенімізде жыл өткен сайын тастанды сәбилер азайып келетіндігін айтып өтті. Қайырымдылық шараны балалар үйінің әкімшілігінің сұранысына сәйкес қажетті заттар (памперс, чайник, т.б.) алып берілді. Аталмыш балалар үйінде қазіргі таңда 30 бала тәрбиеленуде. Ішінде мүгедек балалар тобы да бар екен.
Облыстық мешіт алдағы уақытта Бас мүфтидің тапсырмасына сәйкес мұндай қайырымдылық шараларды ұдайы ұйымдастырып отыратын болады.
Маңғыстау облыстық орталық
мешітінің баспасөз қызметі
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
17.02.2014
4006
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру