14 ақпан күні Атырау облыстық «Иманғали» орталық мешітінде үлкен дастархан жайылды. ҚМДБ-ның Атырау облысы бойынша өкілі, «Иманғали» орталық мешітінің Бас имамы Батыржан Берденұлының бастамасымен жайылған ақ дастарханда 300-ден астам жергілікті тұрғындарымыз, мешіт жамағаттары жиналып бас қосты. Мақсат, Мәуліт мерекесімен қоштасып, Пайғамбарымыз (с.ғ.с.)-ның өмір тарихын, сүннеттерін көпшілікке насихаттау еді. Осы турасында викториналық сұрақтар қойылып, жиналғандарға ҚМДБ-ның Бас мүфтиі Ержан қажы Малғажыұлының бастамасымен жарық көрген «Дін мен дәстүр» атты бірнеше кітабы сыйға тарту етілді. Сондай-ақ Құран оқылып, уағыз да айтылды. Жиналған қонақтар мешіт төріне шығып, сөз сөйлеп, осындай құрметті шараны ұйымдастарғаны үшін өкіл имам Батыржан Берденұлына алғыстарын жеткізіп, шексіз ризашылықтарын білдірді. Сонымен қатар келген қонақтарға мешіт атынан 300 пакеттелген сыйлықтар сый-сияпатқа таратылды. Ондағы мақсат үйдегі бала-шағаны қуантып, Пайғамбарымыз (с.ғ.с.)-ның өмірінен ата-аналары арқылы хабардар ету болатын.
Сахаба Уахши ибн Харб (р.а.) былай дейді: «Бірде сахабалар: «Уа, Алланың Елшісі! Біз қанша тамақтансақ та тоймайтын болдық», – деп Пайғамбарымызға (с.а.у.) келеді. Алла Елшісі (с.а.у.): «Бәлкім, сендер бір-біріңнен бөлек отырып тамақтанатын боларсыңдар», – деп сұрайды. Олар: «Иә», – деп жауап береді. Сонда Пайғамбарымыз (с.а.у.): «Ендеше бірге отырып ауқаттаныңдар һәм Алланың атымен асқа қол созыңдар. Сол кезде ішкен астарың берекелі болады», – деген».
Олай болса осындай үлкен дастарханда басымыз жиі қосылып, Алла тағала берекемізді арттырғай!
«Иманғали» орталық мешітінің
баспасөз хатшысы
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
17.02.2014
3390
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру