Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

«Үміт» балалар үйінің демалысы...

17.02.2014 3769 0 пікір

Қасиетті Құранда: «Сенен жетімдер туралы да сұрайды. Оларды пайдалы және жақсылап жетілдіру қайырлы іс. Егер олармен бір жерде өмір сүрсеңіз, олар сіздің бауырларыңыз. Аллаһ жетімдерге қамқор болмақ болғандар мен пасықтық жасағандарды біледі»,-деп мәлімделген.

Пайғамбарымыз Мұхаммед (с.ғ.с.): « Жетімді өз қолына алған адам, мына екеуі сияқты жәннатта жақын (аға — іні) боламыз», — деп нұсқаушы және орта саусақтарын көрсеткен. Міне, осы аят, хадистерде баян еткендей және бас Мүфти Ержан қажы Малғажыұлының үш бағыттағы жоспары негізінде  Жезқазған қалалық «Үміт» балалар үйінің түлектеріне демалыс күндері табиғат аясында ойындар ұйымдастырылды. Атап айтқанда Жезқазған аймақтық мешітіне қарасты сауат ашу курсының бір топ шәкірттері және «Ахмет ишан Оразайұлы» атындағы мешітінің найб имамы Айтжан Қапарұлы 30-дан астам балаларды арнайы шана тебу алаңына шақырып, көңілдерін сергітті. Шаналарға отырып, жоғарыдан жүйткіген  жас жеткіншектердің көздерінде  қуаныш лебі байқалды. Осындай қызықты да, көңілді демалысқа бөленгендеріне тәрбиешілері және балалар да өз ризашылықтарын білдіруде. Алдағы уақытта осындай игі шаралар жалғасын табады деген ниетте тарқастық...

ҚМДБ-ның Жезқазған аймағы
бойынша баспасөз қызметі

 

 

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру