Білікті де білімді имам Батыржан Берденұлы Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Атырау облысы бойынша өкілі болып тағайындалған күннен бастап аймақта асыл дінімізді өркендету мақсатында көптеген игі істер, сауапты да жауапты бастамалар қолға алынып, жүзеге аса бастады.
Солардың бірі – Атырау облыстық «Иманғали» орталық мешітінің діни танымдық сайты «www. islam-atyrau.kz» деген атаумен ашылып отыр. Өткен жылдың аяғында облыстың діни сайты кейбір себептерге байланысты өз жұмысын тоқтатқан болатын. Жуырда ол жаңа үлгімен, жаңа бағытпен қайтадан өз жұмысына кірісті.
Сайттың құрылымында 7 бөлім бар. Алғашқысы–Бас мүфти бағаны, екіншісі – ҚМДБ-ның Атыраудағы өкілдігі, үшіншісі–Жұма уағыздары. Сондай-ақ, төртінші және бесінші бөлімдерде мақалалар мен жаңалықтар беріледі. Қоғамда маңызды рөлге ие отбасы және әйел мәселелері де осы сайттан орын алған. Ең бастысы – облыс тұрғындары көкейлерінде жүрген сауалдарын, ұсыныстары мен пікірлерін осы сайтқа жолдап, толыққанды жауап ала алады.
Осылайша күнделікті жаңалықтар мен түрлі кездесулер күнделікті салынып, жаңартылып отырады. Ал, маңдайшасына ардақты Пайғамбарымыз Мұхаммед (с.ғ.с)-ның хадистері жазылып, жүгіртпе жолдар арқылы ауысып тұрады.
Сондай-ақ, сайтта «Медиа-дәрістер», «Кітапхана қоры», «Радиохабар», «Құран тыңдау», «Фотоголерея», «Атырау аймағының мешіттері», «Көкейдегі сауалдар», «Зекет қоры», «Намаз уақыты», басқа да айдарлар орналасқан.
Бұдан бөлек, оқырмандарымыз осы сайттағы «әріптестер» айдары арқылы еліміздің басқа да облысындағы діни сайттарға кіре алады.
«Иманғали» орталық
мешітінің баспасөз қызметі
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
13.02.2014
4252
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру