12 ақпан күні Алматы облысы, Қарасай ауданы, Қаскелең қаласы «Аққу» мейрамханасында облыстық деңгейдегі «Мәуліт Ан-Наби» Пайғамбарымыз Мұхаммедтің (с.ғ.с) туылған күніне орай үлкен діни мерекелік іс-шара өтті.
Бұл діни мерекелік іс шараға ҚМДБ-ның Діни істер бөлімінің меңгерушісі Камалжан Бекбосынұлы мен Мешіт істер бөлімінің меңгерушісі Ербол Сағиұлы, Алматы облысының өкіл имамы Әсет Қадырақынұлы және аудан имамдары мен мұсылман жамағаты қатысты. Кіріспе сөзді ҚМДБ-ның Камалжан Бекбосынұлы бастап, Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлы хазіреттің барша мұсылман қауымын мәуліт мейрамымен құттықтау сәлемін жеткізді. Ербол Сағиұлы Пайғамбарымыз Мұхаммед (с.ғ.с) туылған күніне арнап уағыз айтты. Халықты сүйсіндіріп, мұсылман жамағатын «Мәуліт Ан-Наби» мерекесімен құттықтады. Жиын барысында Мәуліт шариф оқытылып, ұлттық нақышта домбырамен арнау айтылып, Пайғамбарымыздың өмірінің өнегелі сәттерін ашықтай түсті.
Мереке барысында Алматы облыстық «Қарасай батыр» мешіт ұйымдастырылуымен және «Құл Қожа Ахмет» қоғамдық қордың демеушілігімен 30 жағдайы төмен мектеп оқушыларына қайырымдылық көмек жасалынды. Жиын соңында Алладан тілек тілеп, Құран бағышталып Пайғамбарымыз Мұхаммедтің (с.ғ.с) өнегелі өмірі мен ғибратты ғұмыры, көркем мінезі жайында кітапшалар таратылды.
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
13.02.2014
4638
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру