12-ақпан. Түркия Дін істері басқармасының Қазақстандағы өкілі Ибраһим Йылмаз ҚМДБ-ның Астана қаласы бойынша өкілі, «Нұр Астана» мешітінің бас имамы Наурызбай қажы Өтпеновтің қабылдауында болды.
Түркия Дін істері басқармасының Қазақстандағы өкілі Ибраһим Иылмаз түрік және қазақ елі муфтиятының арасындағы атқарылып жатқан қайырымды шараларды атай келе, екі бауырлас халықтың ынтымағын тілге тиек етті. Сондай-ақ, адамзаттың ардақтысы болған пайғамбарымыз Мұхаммед пайғамбарымыздың мәуліт мерекесімен құттықтап, мешіттің атына Алланың кәләмі Құран кітаптарын сыйға тартты.
ҚМДБ-ның Астана қаласы бойынша өкілі, «Нұр Астана» мешітінің бас имамы Наурызбай Тағанұлы Түркия Дін істері басқармасының елімізге жасаған қамқорлықтарының да орны бөлек екенін әңгімеледі. Сонымен қатар, ҚМДБ-ы аясында атқарылып жатқан істерге де тоқталды.
Кездесу соңында бас имам Н.Тағанұлы Түркия Дін істері басқармасының Қазақстандағы өкілі Ибраһим Иылмаз мырзаға «Дін мен дәстүр» кітабын беріп, алғысын жеткізді.
«Нұр Астана» мешітінің
баспасөз қызметі
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
12.02.2014
3811
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру