Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Өкіл имам қабылдауында болған шетелдік қонақтар

12.02.2014 3657 0 пікір

Атырау қаласындағы «Иманғали» орталық мешітіне тек жергілікті тұрғындар ғана емес, сонымен қатар қонақтар да, яғни шет елден келген азаматтар зират етіп келіп жатады. Өйткені Ислам діні – адамзатқа ортақ дін. Ал дініміз ұлт-ұлысқа бөлмей баршасына бірдей құшағын жаяды. Сол құрметті қонақтарымыздың бірі болып келген шетел азаматтары Германия саясат, мәдениет және баспасөз қызметі жөніндегі 1-ші хатшысы, референт Джонни Крамер және АҚШ елшілігінің қызметкері Джессика Ярчев 11 ақпан күні ҚМДБ-ның Атырау облысы бойынша өкілі, «Иманғали» орталық мешітінің Бас имамы Батыржан Берденұлының қабылдауында болды.

Келген қонақтар дініміз Ислам жайында, оның қазіргі ахуалы, барлық мұсылман елдерінде тойланып жатқан Пайғамбарымыз (с.ғ.с.)-ның туған күні Мәуліт мерекесі жөнінде қызығушылықтарын білдіріп, Бас имаммен дін жайында сұхбат жүргізді. Сұхбат өздерімен ілесе келген аудармашы арқылы жүзеге асып отырды. Қонағын құрметпен қарсы алған Бас имам олардың қойған сұрақтарына аса мән бере отырып, ерекше ықыласпен жауап берді. Ислам дінінің жалпы адамзат үшін үлкен өзгерістер әкелгені жайында, оның Алла тарапынан тура жол нұсқаушы екенін, бізге нұр болып түскен қасиетті Құран Кәрім жөнінде өкіл имам сұхбатын осылай уағыздарымен толықтырды.  

Сондай-ақ, дініміз адам баласының өміріндегі шамшырағы іспетті болып, тазалыққа, имандылыққа, әсем түрде өмір сүруге шақыратынын айтып жеткізді. Осындай әңгімеден өздері үлкен серпіліс алғандарын жасырмай, қонақтар шексіз ризалықтарын білдіріп, өкіл имамға әкелген сый-сияпаттарын тарту етті.  Қазақтың ұлттық салт-дәстүріне қысқаша тоқталып өткен өкіл имам Батыржан Берденұлы ҚМДБ-ның Бас мүфтиі Ержан қажы Малғажыұлының бастамасымен жарық көрген «Дін мен дәстүр» атты кітабын сыйлап, қонақтарға амандық тіледі. 

«Иманғали» орталық мешітінің
баспасөз қызметі

 

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру