Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Тәртіп сақшыларымен болған кездесу

12.02.2014 3178 0 пікір

Отан баршамызға ортақ қасиетті мекен болғандықтан отанның тыныштығы мен тәуелсіздігін сақтау әрбіріміздің азаматтық міндетіміз. Осы орайда Маңғыстау облысының өкіл имамы С.Сейтбеков ақпан айының 7 күні облыстық Ішкі істер басқармасының қызметкерлерімен кездесіп, діни ахуал жайында ақпараттық насихат жұмысын жүргізді. Кездесу барысында дәстүрлі ислам мен теріс ағым жайында кеңінен түсіндіре келе, айырмашылықтарына тоқталды. Салафилиік ағымның шығу мен қоғамға тигізер зияны жайында кеңінен түсіндіріп өтті. Кездесу соңында тәртіп сақшылары тарапынан қойылған сұрақтарға жауап берді.

Ал ақпан айының 10-күні Маңғыстау облысның мамандандырылған күзет қызметі басқармасының қызметкерлерімен де осындай кездесуге қатысқан өкіл имам, діни экстремизмнің зардаптарымен оған қарсы қандай шара қолдануға болатынынын айтып өтті. Дін төңірегіндегі келеңсіз оқиғаларды діннің кемшілігі деп емес, соны жасап жатқан адамның кемшілігі деп білу қажеттігін атап өтті. Тәртіп сақшылары, яғни полиция қызметкерлері мәселеге қатысты көкейдегі сұрақтарын сұрап, барынша белсенділік танытты. Мұндай ақпараттық насихат жұмысы облыс деңгейінде ұдайы атқарылатын болады.

 

Маңғыстау облыстық орталық
мешіттің баспасөз қызметі

 

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру