Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының бас мүфтиі Ержан қажы Малғажыұлының биылғы жылды «Дін мен Дәстүр» жылы деп жариялауы имам-молдалар мен ұстаздар үшін игі бастама болды. Осыған орай ҚМДБ-ның Атырау облысы бойынша өкілі, «Иманғали» орталық мешітінің Бас имамы Батыржан Берденұлы дін мен дәстүр сабақтастығын насихаттау мақсатында Атырау қаласының, Жұлдыз шағын ауданының мәдениет үйінде жергілікті тұрғындармен жүздесті.
Сонымен қатар бұл басқосуға аудан әкімі Қ.Ш.Қарасұлы мен «Қажымұқан Мұңайтпасұлы» атындағы мешітінің имамы А.М.Шапенұлы қатысты. Кездесу барысында аудан әкімі шараны сөз сөйлеп ашып, Бас имам қызметіне жаңадан тағайындалған Б.Берденұлын жиналған жергілікті халықпен таныстырды. Өкіл имам жастардың бойына ұлттық құндылықтар мен дәстүрлі тәлім-тәрбиені қалыптастыруға, жамағаттарды салт-дәстүрді құрметтеуге шақырып, уағыз-насихат айтты.
Сонымен қатар жиналғандарға Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлының жарық көрген «Дін мен дәстүр» атты бірнеше кітабын сыйға тарту етті. Жиын соңында қатысушылар тарапынан сұрақтар қойылып, оған өкіл имам тұщымды қанағаттанарлық жауаптарын берді. Алдағы уақытта да осындай маңызды кездесулер жалғасын таба бермек.
«Иманғали» орталық мешітінің
баспасөз қызметі
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
10.02.2014
7290
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру