Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Қазақстан - біздің ортақ шаңырағымыз

10.02.2014 4168 0 пікір

БҚО облысы дін істері басқармасының ұйымдастыруымен облыс әкімдігінің кіші мәжіліс залында облыс әкімнің орынбасары Б.Мәкеннің төрағалығымен ҚМДБ-ның БҚО бойынша өкіл имамы  Р. Султановтың қатысуымен "Қазақстан - Біздің ортақ шаңырағымыз" атты дөңгелек үстел болып өтті.

Бұл шараға облыстық дін істер басқармасының  басшысы Талғат Нығметов, облыстық орталық мешітінің бас имамы Руслан Тыныштықұлы, өзге де діни бірлестіктердің басшылары қатысты.

Дөңгелек үстел барысында облыс имамы Руслан Султанов сөз алған: Біздің де, барлығымыздың мақсатымыз бен міндетіміз әуелі елдің тыныштығы мен тұрақтылығын сақтап, одан әрі өркендеуі үшін ат салысу, халқымыздың, ұрпақтарымыздың бақытты, тату ғұмыр кешуі үшін қызмет ету. Дініміз бен діліміздің жанашыры Елбасы халыққа жолдаған Жолдауында ел тарихына енетін жұртымыз күткен  он  жаңашыл идеяны атап, көшбасшымыз бірлік пен татулық, рунани келісім мен өзара түсіністік сынды құндылықтар әрқашан біздің басты байлығымыз болып қала беретінін жеткізді. Тыныштық пен тұрақтылық орнаған қоғамда игі жұмыстар жүйелі түрде өз кезеңімен жүзеге аса береді.  Өзге діни бірлестіктің жетекшілердің баяндамалары тыңдалып, түйінді мәселелер өз шешімін тапты.

Нұрлан Саматұлы,

ҚМДБ-ның БҚО бойынша баспасөз хатшысы.

 

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру