Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

«әл-Мәдина» мешіті ерекше кеш өткізді

07.02.2014 4631 0 пікір

«Біздер Расул үмметі,

Ерсек нанып жолына.

Адаспай өтсек жалғаннан,

Ісіміз шығар оңына», – деп жырланғандай, ардақты пайғамбарымыз Мұхаммедтің (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) туған күні – Мәуліт мерекесі жер-жердегі мешіттерде аталып өтуде. Жуырда Алматы қаласы Жетісу ауданы «әл-Мәдина» мешітінің ұйымдастыруымен Мәуліт мерекесі ерекше әсермен өтті. Белгілі әртіс, дініміз бен діліміздің жанашыры Бекжан Тұрыс жүргізген кеште пайғамбарымызға салауат айтылып, терме-толғау орындалды, ғибратты ән шырқалды. Алматы қаласы Орталық мешітінің бас имамы Нұрбек Есмағанбет жиналған жұртқа Алла Елшісінің (с.ғ.с.) өнегелі өмірі туралы уағыз айтып, дұға жасады.Ұлағатты ұрпақ алдындағы уақыт жүгін сезініп, еліміздің игілігі үшін қызмет етіп, жұртымызды жақсылыққа жұмылдырып жүрген «әл-Мәдина»  мешітінің бас имамы Ермек Мұқатай жамағатқа Мәуліт айында атқарылар сауапты амалдарды тілге тиек етті. Ол қонақтарды игі амалдарды орындауды тек осы айда ғана емес, жыл бойы жалғастыруға үндеді. Ақ жаулықты аналар мен мектеп мұғалімдері кештен алған әсерлерімен бөлісіп, осындай кештерге жастарды көбірек қатыстыру қажеттігін айтты. Өйткені, иманды ұрпақ – еліміздің болашағы. Мереке соңында жамағатқа сыйлықтар үлестірлді.

www.muftyat.kz   

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру